Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға оралды

25 Шілде 2023, 17:21
1553
Бөлісу:
Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға оралды
Фото: instagram.com/mukhtarablyazov

Алматы қаласының әуежайында Қазақстанға өз еркімен оралған Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Нұрғазин Қуаныш ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Әблязов басқаратын «BSC» ЖШС-ның номиналды директоры. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған.

Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған.

12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған.

Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді.  2023 жылғы 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 2023 жылғы 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті.

Жақын арада басты сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайтын болады.

Бұған дейін Франция соты Мұхтар Әблзяовқа айыппұл салған еді. 

Ал Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев экс-банкир Мұхтар Әблязов елге қашан қайтарылатынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы