Әблязовке Франция соты айыппұл салады

9 Наурыз 2023, 19:50
1023
Бөлісу:
Әблязовке Франция соты айыппұл салады
Фото: Lb.ua

Франциядағы Экс ан Прованс қаласының апелляция соты 7 наурыз күні Мұхтар Әблзяовқа айыппұл салу жөнінде шешім шығарған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экс ан Прованс қаласының апелляция соты Мұхтар Әблязов соттың келу талабын орындамағанын растаған шешім шығарды.

Ол 2021 жылдың 15 және 16 маусымында Экс ан Прованс қаласындағы сотқа келіп, жауап беруі керек болған. Соңғы сәтте Әблязов өз адвокаты арқылы саяси қуғыннан сақтанғандықтан франциялық соттың нұсқауымен жүргісі келмейтінін мәлімдеген. Кейін БТА Әблязовқа сотқа келмегені үшін айыппұл салу жөнінде ұсыным хат жолдаған. Апелляция соты оның 2018 жылы да осыған ұқсас шақыруға келмегенін анықтады. Сондай-ақ, Әблязов әуелі Англияда босқын мәртебесінен айырылды. Кейін Францияда да осындай мәртебеден айырылды. Сондықтан ол сотқа келмеуіне босқын мәртебесін сылтау ретінде қолдана алмайтын, - деп жазылған БТА банк мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы