Мемлекет басшысы "Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясына" барды

29 Қазан 2019, 18:18
3051
Бөлісу:
Мемлекет басшысы "Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясына" барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы" қоғамдық бірлестігіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

1.jpg

"Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында "Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы" қоғамдық бірлестігінің БЦСА балаларға арналған белсенді оңалту және ерте жастан қолдау орталығына барды. Орталық  мүгедек балалар мен қимыл-тірек аппаратында ақауы бар 18 жастан асқан адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мамандандырылған", - делінген хабарламада.

2.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев оңалту бөлмелерін аралап көріп, қызметкерлермен әңгімелесті. Мемлекет басшысына балалар мүгедектігінің алдын алуға, БЦСА-мен ауыратын балаларды көпжақты оңалтуға және жан-жақты әлеуметтік тұрғыдан жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

3.jpg

Президент аталған жобаның ізгі мақсатын атап өтіп, оны бүкіл Республика көлемінде таратудың маңыздылығын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай мекемелерді мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерінің және демеушілердің қаржысына ашу қажет.

Соңында мемлекет басшысы Орталыққа арнайы жабдықталған шағын автобус тарту етті.

4.jpg


Өзгелердің жаңалығы