Мүгедек адамды рейстен алып тастаған SCAT-қа қатысты әкімшілік іс қозғалды

3 Маусым 2023, 11:34
1545
Бөлісу:
Мүгедек адамды рейстен алып тастаған SCAT-қа қатысты әкімшілік іс қозғалды
Фото: BAQ.KZ архив

Азаматтық авиация комитеті «SCAT» әуе компаниясына қатысты қозғалған әкімшілік іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті биыл 27 мамырдағы Қостанай-Анталья бағыты бойынша VSV–5280 рейсінен жолаушыларды алу себебі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабын бұзғаны үшін "SCAT" әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғады. 

Жолаушылардың барлық санаттарына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету кезінде әдеп нормаларын сақтау қазақстандық әуе компаниялардың жұмысында басымдық болуға тиіс екенін атап өтеміз. Осы талаптарды бұзуға жол берілмеуі тиіс. «SCAT» әуе компаниясының ақпараты бойынша, жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелді, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік жолдамаға сәйкес ұшуды жоспарлайды. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген «SCAT» әуе компаниясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қабылданатын болады. Алайда, құқық бұзушылыққа жол бергендіктен, «SCAT» әуе компаниясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, - делінген комитет хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы