МСАК жүйесі – денсаулық сақтаудың жаңа дәуірі

15 Наурыз 2023, 17:05
1014
Бөлісу:
МСАК жүйесі – денсаулық сақтаудың жаңа дәуірі
Фото: автордан ДСҰ

Елімізде қазан айында ұйымдастырылатын МСАК бойынша халықаралық конференцияға 100-ден астам мемлекеттің қатысушылары күтіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 

Биыл МСАК мәселесі мен Астана декларациясы екі негізгі халықаралық іс-шара барысында талқыланатын болады. 

Доктор Клюге өңірлер арасында МСАК дамытуда еліміздің көшбасшылығын ескере отырып, ДДҰ МСАК жүйесіндегі озық тәжірибелерді көрсету үшін үздік алаң ретінде Қазақстанды таңдады.

«23 қазанда Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл толуына және Астана қаласының МСАК бойынша декларациясының қабылданғанына 5 жыл толуына арналған МСАК бойынша халықаралық конференция өтеді. Конференцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. 

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Клюге өз кезегінде төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылдағы елдердің дайындығын, денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету керек екенін атап өтті. 

МСАК жүйесі – денсаулық сақтаудың жаңа дәуірі

«Әр өңірдегі халықтың денсаулығын нығайту мен әл-ауқатын арттыруды қолға алу қажет. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көп ел ұмтылып отырған денсаулық сақтау жүйесінің барлық мақсатына қол жеткізудің кілті. Яғни бұл – халықтың денсаулығын жақсарту, денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға көшу, ауруларды асқындырмай анықтауға және емдеуге баса назар аудару арқылы теңсіздікті азайту, жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді азайту. Саяси кеңестер береміз және елдер арасындағы халықаралық алмасуды ұйымдастырамыз. Орталықтың кейінгі екі жылдағы жұмысын қорытындылап, бірлескен жұмысымызды әрі қарай қалай кү­шей­туге болатынын талқыладық. Ісімізді ілгерілетуді қолдағаны үшін Қа­зақ­стан Үкіметіне алғысымды білдіремін­!», – деді Еуропалық ДДҰ басшысы.

24-26 қазанда Астанада жаһандық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау, оның ішінде денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде қорғау, денсаулық пен әл-ауқат деңгейін арттыру, сондай-ақ елдер үшін ДДҰ қолдауының тиімділігін арттыру мақсатында ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 53-ші мүше мемлекеттерінің өкілдерінің қатысуымен 73-ші сессиясын өткізу көзделіп отырғанын естеріңізге сала кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы