Мойынты-Сарышаған учаскесіндегі пойыздар қозғалысы толығымен қалпына келтірілді

3 Ақпан 2022, 09:47
1224
Бөлісу:
Мойынты-Сарышаған учаскесіндегі пойыздар қозғалысы толығымен қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ЖТ бөлімшесі Мойынты – Сарышаған учаскесінің Новалы станциясында пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілді. 

Жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 200 жуық теміржолшы жұмылдырылды. Оқиға орнында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ныңарнайы құрылған комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Теміржолшылар тәулік бойы жұмыс істеп, штаттан тыс жағдайдың салдарын жедел жойды. Апаттан бірнеше сағат өткен соң, бір жолмен  пойыздар қозғалысы ашылды. Барлық теміржол бөлімшесінің үйлесімді жұмысы қысқа мерзімде пойыздардың қозғалысын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді, - делінген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліменше, жолдан шығып кету себебі - ресейлік вагон бүйір рамасының сынуы. Тексеру қорытындысы бойынша келтірілген залал үшін өтем кінәлі тарапқа белгіленген тәртіппен талап етілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы