Мойын созу, жұлқылау. Сәбиге динамикалық жаттығулар жасау қауіпті – маман

9 Қаңтар 2024, 11:15
633
Бөлісу:
Мойын созу, жұлқылау. Сәбиге динамикалық жаттығулар жасау қауіпті – маман
Фото: Жеке мұрағаттан

Балалар массажы арқылы көптеген аурудың алдын алуға болады. Тәжірибелі маман, осы салада жүздеген шәкірт тәрбиелеуші Ақпейіл Қаратаева көкейде жүрген сауалымызға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Сәбилерге массажды 1,5 айлық кезден және салмағы 5 келіден асқанда жасауға болады. Массаждың пайдасы өте көп. Ең алдымен иммундық системаны күшейтеді, тірек-қимыл жүйесін жақсартады, бала миының жақсы дамуына ықпал етеді. Массаж көптеген ауруды дәрісіз емдеудің бірден-бір жолы. Мысалы: гипертонус, гипатонус, кривошея, іш қатуы, дисплазия, варус, вальгус. Бастысы бір ғана массажбен шектелмеу керек, ондай жағдайда дәрігерлер толық емдеу курсын тағайындайды, - дейді маман.

Ал массаж жасау үшін қай кез қолайлы деген сұрағымызға:

Балаға массаж жасау үшін ұйқысы қанық, тамағы тоқ, көңіл-күйі жақсы болған уақытты пайдаланған жөн. Ол түскі уақытта сағат 10:00 мен кешкі 17:00 уақыт аралығын қамтиды, - дейді маман.

Қазір әлеуметтік желі арқылы массаж түрлерін үйрететін видеолар көп. Оны көрген ата-ана үйде отырып-ақ, сәбиіне өзі массаж жасай береді. Бұл қаншалықты дұрыс?

Массаждың техникасын, диагнозын ата-ана білетін болса, балаға массажды өзі жасай алады. Егер техникасын білмей, көзбен көріп шамамен жасай берсе, ол балаға қауіпті. Мысалы қазір бұрынғыдай баланы қолынан жұлқылап, мойнынан тартатын жаттығуларды жасауға болмайды. Ондай динамикалық жаттығулар бала денсаулығы үшін қауіпті деп танылды. Сондықтан кәсіби маман көмегіне жүгінген дұрыс дер едім, - деп кеңес береді маман.

Өзгелердің жаңалығы