Моңғолиядағы түркі дәуірі ескерткіштерін қазу жұмыстары жалғасады

31 Тамыз 2022, 18:21
2019
Бөлісу:
Моңғолиядағы түркі дәуірі ескерткіштерін қазу жұмыстары жалғасады

Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері Нәпіл Базылхан Еңселі жазба ескерткішінде көне түрік бітік және соғды жазуы қашалғаннын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндағы бітіктас үш тілде жазылған біріншісі, көне түрікше,  екіншісі, соғдыша үшіншісі брахман жазуы деген пайымға келдік. Соғды жазуы мен брахман жазуын әлі зерттеп жатырмыз. Түрікше мәтінде 682-692 жылдары хан тағына отырған «Құтлұқ қаған түрік» туралы жазба қалған. Жазбаның жартысы алдағы уақытта табылады деген үміттеміз. Күлтегін мен Білге қаған ескерткішінде жазба классикалық түрік жазбасы болса, Құтлұқ қаған ескерткішінде көне түрік жазбасы. Тағы бір ерекшелігі көне түрік ескерткіштерінде сөз тіркестерін екі нүктемен белігелейді, ал бұл жазбада үш сөз буындары үш нүктемен белгіленген. Бұл көне түрік жазуының алғашқы формаларының бірі екенін көрсетеді, - деді түріктанушы ғалым.

Сонымен қатар Нәпіл Базылхан Моңғолиядағы түркі дәуірі ескерткіштерінде қазба жұмыстары жалғасатынын айтты.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Дархан Қыдырәлі Моңғолия жерінен табылған Құтлық қағанның кешені туралы айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы