Моңғолияда тұратын қазақ дәрігер «Еңбек Ері» атанды

24 Желтоқсан 2021, 10:31
1790
Бөлісу:
Моңғолияда тұратын қазақ дәрігер «Еңбек Ері» атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияда тұратын қазақ дәрігер Нота Әнуарұлы Моңғолияның «Еңбек Ері» атағын алды.

Моңғолияда денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 100 жыл толу мерекесіне орай Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх бірқатар дәрігерге мемлекеттік марапаттарды таратты.

Мемлекеттік дәрежедегі марапатқа ие болғандар арасында медицина ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолияның еңбек сіңірген дәрігері Нота Әнуарұлы бар. Ол Моңғолияның «Еңбек Ері» атағына ие болды.

Сонымен қатар мемлекеттік марапатқа ие болған тағы бір қандасымыз – Асай Рәмішұлы. Ол «Моңғолияның халық дәрігері» атағына ие болды.

Өзгелердің жаңалығы