Моңғолияда құмды дауылдан 6 адам қаза тапты

15 Наурыз 2021, 15:12
1508
Бөлісу:
Моңғолияда құмды дауылдан 6 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Дундговь аймағында құмды дауылдан алты адам қаза тапты, деп жазды centralasia.media.

Қаза тапқан адамдардың бесеуі бақташы және біреуі бала. Аймақтағы құмды боранда жоғалған олардың кейін өлі денелері табылды. 

Елдің Төтенше жағдайлар басқармасы тоғыз аймақтан 584 адам із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарлаған. Сенбі мен дүйсенбі аралығында оларды іздестіруге күш жұмылдырылып, 476 адам табылды. Қазіргі күні 81 адамды іздестіру жалғастырылуда. 

Қатты құмды дауыл салдарынан елдің батыс аймақтарында электр жарығы сөніп қалған. Көршілес Қытай елі де құмды дауылдан зардап шекті. Мұнда он жылда болмаған дауыл болған.

Өзгелердің жаңалығы