Моңғолия астанасында наурызда "Бүркітшілер тойы" өтеді

13 Қаңтар 2019, 09:58
4342
Бөлісу:
Моңғолия астанасында наурызда "Бүркітшілер тойы" өтеді

Астана, baq.kz. Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында 2019 жылдың 3-4 наурызы күндері "Бүркітшілер тойы" өтеді. Бұл шешім Ұланбатыр қалалық туризм басқармасы және Моңғолия бүркітшілер одағы арасындағы келісім бойынша бекітілді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Бүркітпен аң аулау дәстүрі Орталық Азияның көшпенділер арасында 6000 жылдан бері тамыры үзілмей келе жатқан бекзат өнер. Оны ең жақсы сақтаған халық - Моңғолия қазақтары. Осыны ескере отырып, тарихы тереңге жайылған дәстүрді насихаттап, шетелдік туристерге көрсетіп және сол туристердің сұрауы бойынша Моңғолияда "Бүркіт тойы" жылына екі рет өтетін деңгейге жетті. Өткен жылы қазан айының алғашқы аптасында Баян-Өлгийде өткен ерекше той, енді көктем туа Ұланбатырда жалғасын таппақшы.

"Бүркітшілер тойы" қарсаңында Ұланбатырда қазақ халқының ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдері таныстырылады.

Өзгелердің жаңалығы