Моңғолия Үкіметі карантин талаптарын күшейтті

22 Желтоқсан 2020, 07:45
1002
Бөлісу:
Моңғолия Үкіметі карантин талаптарын күшейтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия үкіметі ел астанасында 23 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 6 қаңтарына дейін жаппай қатаң карантин жариялады, деп хабарлайды Montsame агенттігі. 

Моңғолия вице-премьері Я. Содбаатардың айтуынша, мұндай шешім Денсаулық сақтау министрлігі мен Инфекциялық ауруларды ұлттық зерттеу орталығы мамандарының, моңғолиялық ғалымдар мен зерттеушілердің ұсыныс-пікіріне сүйене отырып қабылданған. 

Денсаумин және Инфекциялық ауруларды ұлттық зерттеу орталығы жауапты мамандарының сөзіне сенсек, моңғол астанасында инфекцияның жаңа кластері пайда болған. Ол Ұланбатырдың Баянзурх ауданында тіркелген. 

Айта кетейік, Моңғолияда 993 адам коронавирус жұқтырған. 509 пациент індеттен жазылып кетті. COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар жоқ. Моңғолия үкіметі азаматтарды мүмкіндігінше қоғамдық орындарға бармай, қауіпсіздік шараларын сақтауға және медициналық масқа киюге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы