Моңғолияда наразы халық көшеге шығып, Үкімет үйіне басып кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаппай наразылыққа шыққан халық елдегі азық-түлік пен көмір бағасының көтерілуіне қарсылық білдіріп отыр. Әрі соған жол берген Үкіметті кінәлап, елдегі байлардың атын атауды да талап еткен.
Сонымен қатар 2013 жылдан бері Қытайға ұрлықпен сатылған көмірдің құпиясы да ашылып қалғанға ұқсайды. Соған қатысы бар байлардың есімінің халық арасында жария болуы жаппай наразылыққа ұласқан деген ақпарат тарады.