Модельер Валентин Юдашкин қайтыс болды

2 Мамыр 2023, 16:20
640
Бөлісу:
Модельер Валентин Юдашкин қайтыс болды
Фото: INTERMODA.RU

Ресейлік модельер Валентин Юдашкин 59 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы "Первый канал" хабарлады.

Өкінішті хабар. Валентин Юдашкин өмірден озды. Бұл туралы оның жұбайы хабарлады. Керемет модельер, әлемдік моданы мойындатқан мастер еді. Оның туындыларын шоу-бизнес жұлдыздары, театр және кино актерлары киетін еді. Ал оның сән қойылымдары көпшіліктің назарында болатын еді, - делінген каналдың сайтында.

Айта кетейік, соңғы жылдары модельер ауыр дертке шалдығып, ем алып жүрген болатын.

Валентин Юдашкин 1963 жылы 14 қазанда Мәскеу облысы Одинцовский ауданы, Баковка ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеу индустриалдық техникумының модельдеу факультетін қызыл дипломмен бітірген. 2022 жылы Ресейдың театрлық өнері университетінің продюсерлік факультетін аяқтады.

Жақында белгілі ресейлік модельер Вячеслав Зайцевтің қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы