Белгілі модельер дүниеден озды

1 Мамыр 2023, 08:33
1506
Бөлісу:
Белгілі модельер дүниеден озды
Фото: 1tv.ru

Белгілі ресейлік модельер Вячеслав Зайцев 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зайцевті ішкі қан кету диагнозымен Щелково ауруханасына жеткізген. Кейіннен gazeta.ru деректеріне сәйкес оның қайтыс болғаны хабарланды. 

Mash мәліметінше, Зайцев ішінің тұсындағы жіті ауруға шағымданған. Щелково ауруханасында дәрігерлер асқазанға қан кеткенін анықтаған. Артынша, компьютерлік томографиядан өткізіп, шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызған. Алайда дәрігерлер қанша тырысқанымен Зайцевті аман алып қала алмаған.

Еске салсақ, модельер Вячеслав Зайцев "Модный приговор" бағдарламасында көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп, есте қалған.

Өзгелердің жаңалығы