Азаматтар дәрі бағасын мобильді қосымша арқылы реттей алады

11 Қаңтар 2019, 13:59
3285
Бөлісу:
Азаматтар дәрі бағасын мобильді қосымша арқылы реттей алады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда дәрі-дәрмектердің бағасын қадағалап отыратын азаматтарға арналған мобильді қосымша пайда болады. Бұл туралы Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

Ол мобильді қосымшаның тестілеуден өтіп жатқанын айтты.

«Олар қосымшадан дәріханадан сатып алған дәрілік препараттың тіркелгенін, ҚР аумағында бекітілген қаптамасына, белгіленген бағаға сай келетінін тексере алады. Азаматтар мобильді қосымша арқылы дәрілік заттың құнын бекітілген бағадан асырып сатқан медициналық ұйым туралы хабарлай алады», - деді Бюрабекова.

Оның айтуынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңда өндірушілер мен дистрбьютерлер үшін 2021 жылғы қаңтардан бастап, ал бөлшек желі үшін 2023 жылғы қаңтардан бастап тиісті фармацевтикалық практикалардың халықаралық стандарттарын енгізу көзделген. 

Сондай-ақ, осы заң аясында еліміздегі медициналық ұйымдар толығымен электронды сатып алу форматын көшпек. 

«Биыл мемлекеттік сатып алу порталының көмегімен пилоттық режимде бірыңғай дистрибьютормен 2019 жылға арналған дәрілер алынды. Жыл соңына дейін медициналық ұйымдар электронды сатып алу форматына көшеді», - деді ол.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы