Мобильді аударымдар бойынша хабарламалар мамырда жолданады

Барлық банк деректері жиналып, қазір өңделіп жатыр, алғашқы хабарламалар мамыр айында жіберіледі.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 14:14
Бүгiн 2026, 14:14
112
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы барлық деректі алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қатысты деректер қашан тексерілетінін айтты.

Ержан Біржановтың мәліметінше, қазіргі уақытта барлық банктер азаматтардың мобильді аударымдары жөніндегі ақпаратты тапсырып болған.

Біз бұл ақпаратты қабылдап алдық. Қазір деректерді өңдеу жүріп жатыр. Хабарламаларды біз мамыр айында ғана жолдай бастаймыз, себебі бұл мәліметтерді талдап, санаттарға бөліп шығу керек: ол жеке кәсіпкер ме, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ба, әлде резидент емес пе, немесе басқа санатқа жата ма – соны анықтаймыз. Біз бәрін қарап, қорытынды дайындаймыз... Мамыр айында хабарламалар жіберіле бастайды, – деді ол Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.

Бұған дейін дәріхана чегінде ЖСН көрсетілуі мүмкін екені айтылды.

Наверх