Дәріхана чегінде ЖСН көрсету: Қаржы министрлігі себебін түсіндірді

Жаңа тетік тегін дәріге бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылап, есептіліктің ашықтығын арттыруға бағытталған.

 pexels.com Бүгiн 2026, 14:07
Бүгiн 2026, 14:07
91
Фото: pexels.com
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов дәрі-дәрмек сатып алу кезінде чектерде ЖСН көрсету не үшін ұсынылып отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ержан Біржановтың айтуынша, бұл бастама мақсатты қаражаттың қалай жұмсалып жатқанын бақылау үшін енгізіледі.

Белгілі бір санаттағы азаматтарға дәрі сатып алуға қаржы бөлінген кезде, сол адамдардың расында осы дәрілерді алғанына көз жеткізу қажет. Сол үшін осындай тетік қарастырылып отыр. Басқа бақылау тәсілдері әлдеқайда күрделі, – деді ол.

Бұл бастама барлық азаматтарға бірдей қолданылмайды. Ол тек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәріні дәріханадан алатын адамдарға қатысты болуы мүмкін.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай жаңашылдық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалануды бақылауға мүмкіндік береді. Ол үшін бақылау-кассалық машиналардың чектерінде пациенттің ЖСН-ін міндетті түрде көрсету қарастырылған.

Сонымен қатар бұл есеп айырысудың ашықтығын арттырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға ықпал етеді.

Наверх