Мобильді топтар тәртіптік рейдтерді жалғастыруда

11 Қараша 2020, 19:14
1757
Бөлісу:
Мобильді топтар тәртіптік рейдтерді жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада полицейлер, еріктілер және әкімдік өкілдері сауда орталықтарына, дүкендер және адамдар көп жиналатын басқа да орындарға рейд жүргізуде. 

Іс-шараның мақсаты - коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу. Карантиннің күшеюіне қарамастан, бірқатар мекемелер әлі де талаптарды елемей отыр.

Осылайша, Есіл ауданының мобильді тобы түнгі рейд барысында коттеджде жұмыс істеп тұрған спа-салонды анықтады. Іште бес адам процедура қабылдаған.

Спа салонның жайлы атмосферасында клиенттерге алты адам қызмет көрсеткен.

Осы мекеменің иесі мен қызметкерлері өз әрекеттері арқылы қойылған талапты елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Мекеме иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды, - деп атап өтті полиция департаментінде.

Бұзушылықтар «БХБ» түнгі клубында да анықталды, онда 150-ге жуық адам болған. Тексеру кезінде Gatsby пабында 40-қа жуық клиент анықталды. Aqva автомобиль жуу кезінде жұмыс кестесі сақталмаған.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар жауапкершілікке тарту үшін, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды, – делінген хабарламада.

Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аудандық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға жол берген адамдарға қатысты барлығы 1800-ден астам материал келіп түсті. 840-тан астам жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

COVID-19 таралу қаупі жоғары болғандықтан, дәрігерлер қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және маска тағуға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы