Моңғолияда тұратын қазақ әншісі дүниеден өтті

11 Тамыз 2020, 11:22
6048
Бөлісу:
Моңғолияда тұратын қазақ әншісі дүниеден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таланты актриса, әнші Моңғол елінің еңбек сіңірген әртісі Жекей қызы Хаду 78 жасында дүниеден өтті, деп жазды Баян-Өлгей аймағындағы М.Хұрманхан атындағы "Алтын жұлдыз" орденді МД Театрының әкімшілігі Facebook әлеуметтік желісінде.

Ол 1942 жылы Улаанхус сумынында дүниеге келген. 1959 жылы 7-сыныпта арнайы шақырумен МДТеатрының хор драма класына қабылданған.Театр сахнасында сан түрлі кейіпкерлер сомдаумен қатар өзінің бұлбұл дауысымен 200-ден астам ән орындап,көрермен көпшілік алғыс рахметіне бөленген.Атап айтсақ Латиф Хамидиннің "Қазақ вальсі" "Бұлбұл" қатарлы әндері, Д.Нацагдорж М.Хұрманхан "Жұмбақ төбелері"операсынан Нансалмааның ариясы, Мұхан Төлебаевте "Біржан сал"-да Сараның ариясы ,актирцалық өнерде Островский "Құрыш қалай шынықты"пьесасында Тонияның ролі, Лодойдамба.Монголхан "Бес саусақта" Гэрэл қатарлы көптеген кейіпкерлерді көркем сомдаған.

1963-жылы өзінің еселі еңбегінің нәтижесімен дүние жүзі жастарының 8-ші,1966-жылдары 9-фестивалына табысты қатысты. Хаду апамыздың еңбегін аймағымыз жане өкіметіміз жоғары бағалап ұйымдық мекеме,аймақтық саңылақ алтын жұлдыз орденмен сыйласа 1975 жылы Улаанбаатыр қаласында өткен МДТеатрының 10-күндігінде Монгол Еліне Өнері Сіңген әртісі атағымен сыйланды.

1990-жылдары ата мекен Қазақ еліне қоныс аударған.

МД Театрының Әкімшілігі, Көркемдік кеңесі және ұжымы!
Өзгелердің жаңалығы