MMA: Бекзат Жасия әлем чемпионын нокаутқа жіберді

28 Қаңтар 2022, 15:45
1858
Бөлісу:
MMA: Бекзат Жасия әлем чемпионын нокаутқа жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бекзат Жасия  ММА шебері әлем чемпионатының жүлдегерін нокаутқа түсірді. Бұл туралы Қазақстанның біріккен ММА федерациясы хабарлады.

Қазақ спортшысы әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері швед Даниял Шамхаловты нокаутқа түсірді.

Файтерлер 65,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасты.

Бекзат Жасия Шамхаловты нокаутқа жіберіп, соққы астына алды. Төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. 


 

Өзгелердің жаңалығы