Митингтерден ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне қатысты бұйрық

17 Маусым 2020, 21:11
1911
Бөлісу:
Митингтерден ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне қатысты бұйрық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасы жарияланды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасы әзірленді. Жоба "Жарнама туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабы 13-4) тармақшасына сәйкес әзірленді. Жобада бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын және журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту қарастырылады - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Жоба 2020 жылғы 17 маусымда "Ашық НҚА" интернет – порталындағы "Мәдениет, дін, БАҚ" бөлімінде орналастырылды.





Өзгелердің жаңалығы