Митинг туралы заңның журналистерге қатысты тұсын әлі де қарау керек – Сергей Пономарев

17 Ақпан 2020, 12:14
1565
Бөлісу:
Митинг туралы заңның журналистерге қатысты тұсын әлі де қарау керек – Сергей Пономарев
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бейбіт шеру жөніндегі заңдағы журналистерге қатысты 5 тармағын әлі де жетілдіру керек. Бұл туралы журналист, қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Сергей Пономарев аталған заң жобасын талқылау кезінде айтты. Оның айтуынша, жаңа заң жобасында шеруге қатысқан журналистер видео, фото материалдарды құқық қорғау органдары талап еткен жағдайда тапсыру қажеттігі айтылған.

Олар тексеруге алғанмен 2-3 күннен соң бірақ қайтарып беруі мүмкін. Ол кезде бұл материалдар жарамсыз болып қалады. Сондықтан бұл тармақты алып тастаған жөн. Сонымен қатар, журналистрдің жұмысын тежейтін тағы 7 тармақ көрсетілген. Журналист шеруге қарусыз, адамдардың денсаулығына зақым келтіретін затсыз келетіндігі жөніде тексерілу керек деген дұрыс емес. Біз онсызда аккредитациядан өткен басылымбыз, оның үстіне құқық қорғау органдарынан тағы қауіпсіздік бойынша рұқсат алу артық. Біздің мақсатымыз халыққа ақпарат жеткізу, - деді Сергей Пономарев.
Өз кезегінде министр бұл шара қылмыстық жағдай орын алғанда айғақ ретінде қаралатынын айтты. Дегенмен бұл тармақты жетілдіріп, әлі де қарайтындарын жеткізді.
Видео, фотолар қылмыстық жағдай болған кезде айғақ ретінде қаралады. Және ол сол жерде емес, кейін сұралады. Әрине заңды толықтыру, жетілдіру болады, сол үшін алдарыңызға келіп отырмыз, - деді Абаев.


Өзгелердің жаңалығы