Мирзиёев: ТМҰ халықаралық институттар жүйесінде айқын орын алады

3 Қараша 2023, 12:45
650
Бөлісу:
Мирзиёев: ТМҰ халықаралық институттар жүйесінде айқын орын алады
Фото: Ақорда

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркі мемлекеттері ұйымы қазіргі таңдағы жаңа әлемдік тәртіп және халықаралық институттар жүйесінде айқын орын алады. Біздің ұйымымыздың аумағы 160 млн-нан тұрады. Сонымен қатар бұл өңірдің экономикалық мүмкіндіктері орасан зор. Осы кезекте біздің еліміз стратегиялық серіктестікті барлық мүше мемлекетпен орнатты, - деді Мирзиёев.

Оның айтуынша, мүше елдердің бастамасымен Самарқан саммитінде қол қойылған «Түркі өркениетінің жаңа кезеңі. Дамуға деген талпыныс» атты бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Өзбекстанның төрағалығы кезінде 100-ге жуық іс-шара өткізілген. Оның аясында маңызды бастамалар алға қойылды.

Өзбекстан президент Шавкат Мирзиёев «Түркі әлемінің келешегі – 2040» бағдарламасының тұжырымдамасында жаңа ынтымақтастық тетіктері қалыптасқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы