Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан дипломатиялық қатынасына 30 жыл толуына орай Тоқаевты құттықтады

23 Қараша 2022, 15:38
663
Бөлісу:
Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан дипломатиялық қатынасына 30 жыл толуына орай Тоқаевты құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Өзбекстан Президенті осы кезеңде маңызды нәтижелерге қол жеткізіліп, халықтарымыз арасындағы достық байланыс нығая түскеніне назар аударған. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Соңғы жылдары біздің байланысымыз өзара сенім мен қолдау, зор құрмет және тату көршілік қарым-қатынас, сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына сай қарқынды дамып келеді. Жоғары деңгейдегі ашық, конструктивті әрі белсенді диалог, сондай-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық қарым-қатынастарды реттейтін тиімді практикалық механизмдер біздің өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға берік негіз болатынын атап өткім келеді, – деп жазылған құттықтау жеделхатында. 

Сонымен қатар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 21-23 қараша күндері өтіп жатқан Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері тарихы ортақ бауырлас халықтардың достық байланысын күшейте түсетінін айта келіп, бірлескен шаралар екі елдің көпжақты қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы