Минскте алғаш рет Роза Бағлановаға арналған ғылыми оқулар өтті

8 Сәуір 2022, 13:47
1523
Бөлісу:
Минскте алғаш рет Роза Бағлановаға арналған ғылыми оқулар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь мемлекеттік музыка академиясында алғаш рет қазақ музыка өнері өкілінің өмірі мен шығармашылығының таныстырылымы өтті. 

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Әлемге әйгілі әнші, КСРО, ҚазКСР, ӨзКСР-дың халық әртісі және «Халық қаһарманы» Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де алғаш рет өткізілу құқығы кездейсоқ емес.

Таныстырылымды Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі Л.С.Мухаринскаяны еске алуға арналған ХХХІ-ші халықаралық ғылыми оқулар аясында өткізді.  Іс-шараға ондаған музыкатанушылар, өнертанушылар және түрлі мемлекеттердің азаматтары, соның ішінде 1941 жылғы майданнан бастап өткен ғасырдың соңына дейін сахналарында Р.Бағланова өнер көрсеткен елдердің азаматтары қатысты.

Р.Бағланованың ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген. Ұлы Отан соғысты майдандағы концерттік топтар құрамында өтіп, кейін барлық құрлықтардағы көптеген елдердің сахналарында өнер көрсетіп, ол әртүрлі ұлттар мен конфессиялардың өкілдеріне достық, бейбітшілік және махаббат идеяларын жеткізе білді. Шын мәнінде, ол әлемдік мәдени кеңістікте қазақтың ұлттық мәдениеті мен музыкалық өнерінің жолсерігі рөлін атқара отырып, әлемнің елшісі болды.

Халықаралық ғылыми оқулар қатысушылары Р.Бағланованың шығармашылығын талқылау барысында оны маңызды тұлға ретінде атай отырып, «бұл әйгілі әншінің адам жүрегіне қалай терең әсер етіп, адам жанының нәзік пернесін қозғай алғанына» таңданды.

Қазақ пен белорус халқы әртүрлі, тіпті мәдениетіміз де әртүрлі, дейтұрғанмен, ортақ нәрселеріміз де бар екені мені қатты таң қалдырды. Роза Бағланова - біздің ортақтығымыздың дәлелі. Ол әлемнің ондаған тілдерінде ән айтып, әр түрлі халықтарға олардың ана тілдерінде сөйлеуі тек қазақ тілін ғана емес, әлемдік мәдениетті насихаттайтын әлемдік тұлға болғанын білдіреді, - деп Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры Елена Куракина өз әсерімен бөлісті.

Р.Бағланованың бейнесін толық ашу үшін іс-шара қатысушыларына әншінің сұхбатына негізделген «Өткеннің нұры» деректі фильмі көрсетілді, оның естеліктерінен үзінділер келтірілді. Солардың бірінде  халық әртісі былай деп жазады: «Сахна мен үшін әрқашан қуанышқа толы болды. Мен сахнаға бауырымды және жақын адамымды құшақтап, сүйгендей боламын. Мен оны соңғы деміме дейін жақсы көруге және одан атақ, мансап немесе пайда іздемеуге уәде бердім». Р.Бағланова бұл ұстанымды ешқашан өзгертпеді.

Р.Бағланованың шығармашылығы талқыланатынын білген беларус сүйермендер соғыстан кейінгі жылдары жазылған әншінің ең танымал әндері болып табылған «Самара-городок» пен Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» әндерінен құралған раритетті шағын диск алып келді. Олар әншінің музыка мен адамдарға деген сүйіспеншілікке толы  ұлы талантын мойындау ретінде  бұл диск көп жылдар бойы отбасылық мұра ретінде сақталып келгенін айтты.

Таныстырылым соңында Беларусь Үлкен театрының солисі Клавдия Потемкина «Қазақ вальсін» орындады.

Өзгелердің жаңалығы