Мінсіз сақталған: Сібірде 43 мың жылдық үңгір арыстаны табылды

8 Тамыз 2021, 13:34
2790
Бөлісу:
Мінсіз сақталған: Сібірде 43 мың жылдық үңгір арыстаны табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар 2017-2018 жылдары Сібірдің солтүстік-шығысында табылған үңгір арыстандарының жасын анықтады.

Ғалымдардың пікірінше,  арыстанның ұрғашысы  шамамен 28 мың жаста. Одан 15 метр қашықтықта табылған еркек арыстан шамамен 43 мың жаста болды, деп хабарлайды CNN.

Суретте Жердің солтүстік жарты шарында өмір сүрген үңгір арыстандардың жақсы сақталғаны көрсетілген. Мамандардың айтуынша, олардың тістері, терісі, жұмсақ тіндері мен мүшелері мумияға айналған, барлығы өте жақсы сақталған. Олардың тырнақтары қап-қатты, адамның саусағын тесіп жіберердей күйде өте жақсы сақталған.


Ғалымдар арыстанның ұрғашысын Спарта, екіншісін Борис деп атады. Зерттеулерге сәйкес, арыстанның екі күшігі де  1-2 ай кезінде өліп қалған. Олардың қалай өлгені белгісіз, бірақ ресейлік және жапондық ғалымдардан тұратын зерттеу тобы оларды жыртқыш өлтіргені туралы ешқандай белгі жоқ деп мәлімдеді.

Компьютерлік томография бас сүйегінің зақымдануын, қабырғалардың шығып кеткенін және қаңқаның деформацияланғанын көрсеткен.

Олар тас көшкіні кезінде не болмаса мұз дәуірінде үңгірге құлап кетіп өлген болуы мүмкін,  - деді эволюциялық генетика профессоры Лав Дален.
Спарта мұз дәуірінде өмір сүрген барлық табылған жануарларға қарағанда жақсы сақталған. Үңгір арыстанының тіпті мұрты да сақталып қалыпты.
Өзгелердің жаңалығы