Министрлік утильалымға байланысты жаңа мәлімдеме жасады

21 Мамыр 2022, 05:28
1555
Бөлісу:
Министрлік утильалымға байланысты жаңа мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. 

Министрліктің ресми өкілі Беркінбаевтың сөзінше, 2022 жылдың 14 мамырына дейін Қазақстан аумағына кірген көліктердің бұған дейін утильалымы төленбеген болса, 23 мамырдан бастап жаңа төмендетілген мөлшерлемемен төлеуге болады. Ол үшін тек тиісті мекемеге өтініш жазу керек. 

Енді елге кірген көліктердің утильалымы кірген уақытына емес, утильалымға өтінім берген күннен бастап есептелетін болды, - деді ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізген еді. 14 мамырдан бастап Қазақстанда утильалымның жаңа төмендетілген мөлшерлемесі күшіне енген. Бұрынғы утильалым мөлшерлемесі бірден 50 пайызға төмендеді.

Министрлік утильалымға байланысты жаңа мәлімдеме жасады

Еске салайық, қолданыстағы есептеу формуласына сәйкес кәдеге жарату төлемі көлік құралының қозғалтқышының көлеміне тікелей байланысты болады.

Өзгелердің жаңалығы