Министрлік қоршаған ортаны қорғауды мықтап қолға алмақ

29 Шілде 2021, 15:30
2650
Бөлісу:
Министрлік қоршаған ортаны қорғауды мықтап қолға алмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауап беретін министрліктері мен ведомстволары басшыларының кеңесіне қатысты.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Кеңес барысында ШЫҰ елдерінің табиғат қорғау ведомстволарының басшылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары мәселелерін талқылады.

Министр өз баянадамасында 2020 жылы ШЫҰ саммиті барысында айтылған Мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау қажеттігін атап өтіп, осы мақсатта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экологиялық проблемаларының реестрін әзірлеуді ұсынды.

Сондай-ақ М.Мырзағалиев Арал өңірінің экологиялық проблемаларын кешенді шешу мәселелерін қозғап, ШЫҰ елдерінде климаттың өзгеруі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және биоәртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша бірлескен шешімдерді іздеу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты министр Арал теңізінің құрғаған табанын фитомелиорациялау жөніндегі бағдарламаны, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді, сондай-ақ, сирек кездесетін жануарларды сақтау мақсатында «ШЫҰ экожүйелік цифрлық картасын» әзірлеуді ұсынды.

Осымен бірге Қазақстан тарапы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін БҰҰ бағдарламалары желісі бойынша халықаралық донорлық көмекті тарту бойынша қызметті жандандыру бойынша бірқатар бастаманы атап өтті. Сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында министр ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы үкіметаралық келісімді әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар қазақстандық тараптың бастамасы бойынша кеңес шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2022-2024 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдады және Кеңес хаттамасына қол қойылды.

 

Өзгелердің жаңалығы