Министрлік харассменттен қорғау саясатын бекіту туралы бұйрық шығарды

25 Сәуір 2023, 14:02
861
Бөлісу:
Министрлік харассменттен қорғау саясатын бекіту туралы бұйрық шығарды
Фото: factcheck.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі харассменттен қорғау саясатын бекіту туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы бірқатар міндеттерді тапсырғаны белгілі.

Осыған орай жауапты ведомство ретінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірқатар жүйелі жұмысты қолға алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жұмыскерлері арасында харассменттің алдын алу және болғызбау мақсатында бұйрық шығарды.

Бұйрықтың толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы