Министрлік екі банкпен бірлескен 23 жобаны аяқтауды жоспарлауда

5 Қараша 2024, 22:38
315
Бөлісу:
Министрлік екі банкпен бірлескен 23 жобаны аяқтауды жоспарлауда
Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстандағы Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі (ЕҚДБ) басшысының орынбасары Асқар Намазбаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде тараптар бірлескен жобаларды іске асыру және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Мәселен, министрлік пен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі Ақтөбе, Жамбыл және Түркістан облыстарында су шаруашылығы нысандарын реконструкциялау бойынша 53 жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда 19 жоба толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 23 жобаны аяқтау жоспарлануда, оның 17-сі пайдалануға беріледі.

Қалған жобалар бойынша құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Біз Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз. Біздің министрліктің алдында Қазақстанның су саласын трансформациялау міндеті тұр, біз бұл жұмысты халықаралық қаржы институттарымен бірге жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы