Министрлік 9 ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

29 Сәуір 2024, 23:25
700
Бөлісу:
Министрлік 9 ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде оқу орындарының студенттері «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады.

Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті меморандумға қол қойды.

Осыған дейін біз ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен кеңес өткіздік. Су саласының мамандарын оқытатын жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы Меморандум білікті мамандарды даярлауға және оларды одан әрі жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар ашылып жатқанын да атап өтемін. Мысалы, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ «Су дипломатиясы» атты жаңа білім беру бағдарламасын әзірледі, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы