Министр жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін Қарағандыға барды

7 Қыркүйек 2023, 11:55
616
Бөлісу:
Министр жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін Қарағандыға барды
Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

7 қыркүйек күні Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев іс-сапармен Теміртау қаласына барды. Сапар аясында министр бірқатар энергетикалық нысанға барып, олардың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді. 

Атап айтқанда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қоғамына қарасты 2-ші ЖЭО-на, «Bassel Group LLS» ЖШС-не қарасты ҚарГРЭС-1 кәсіпорындарына барады.

Өзгелердің жаңалығы