Министр жолдың беткі қабаты неге көтеріліп кететінін түсіндірді

17 Қазан 2022, 14:36
1408
Бөлісу:
Министр жолдың беткі қабаты неге көтеріліп кететінін түсіндірді

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаевтан Түркістандағы жол мәселесіне қатысты жауап алды , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Батыс Еуропа — Батыс Қытай жолының салынғанына біршама уақыт болды. Өкінішке қарай, сол жолдың салынғанынан бастап, жамау жұмыстары қатар жүріп жатыр. Биыл Түркістан облысында Екпінді ауылының тұсында жолдың қабаты өзінен өзі көтеріліп кетті. Осы мәлімет сізге белгілі ме? Себебі неде? Салалық министр ретінде көңіліңіз тола ма? , - деді Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов.  

Министрдің түсіндіруінше, Түркістан облысындағы жолда жобалық қате бар.

Түркістанның жолы бойынша біраз сын естідік. Келесі жылы ондай кедергілер болмайды. Мұның себебі, тас жолдағы бетон плиталарының жылжуы . Оған басты себеп – күннің қатты ысуы. Биыл жазда күннің ыстық кезінде бұл жұмысқа кіріспедік. Өйткені ол кезде жасасақ, күн суытқанда бетон қайта ашылып кетеді. Жұмысты қыркүйек айынан бастадық. Келесі жылы мұндай қайталанбайды, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов министрге Астана-Арқалық жолына қатысты сауал қойған еді. 

Өзгелердің жаңалығы