Министр жауабы: Нан бағасы қымбаттай ма?

22 Тамыз 2023, 12:14
812
Бөлісу:
Министр жауабы: Нан бағасы қымбаттай ма?
Фото: автордан

Бұл туралы үкімет кулуарында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге “нан бағасы қымбаттауы мүмкін бе” деп сұрады.

Қазіргі таңда бағаның өсу потенциалы көрінбейді. Сондықтан жоспар бойынша нанға және ұн өнімедеріне баға тұрақты болады. Еліміздегі азық-түлік келісімшарт корпорациялық қорында бидай жеткілікті. Өзімізді, ішкі нарықты және тұтынушылардың сұранысын толықтай қамтамасыз ете аламыз, - деп жауап берді Ауыл шаруашылығы министрі.

Бұған дейін үкімет отырысында министрі азық жинау науқанының басталғанын атап өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы