Министр Ұлттық қор табысынан балаларға ақша қалай аударылатынын түсіндірді

8 Қыркүйек 2022, 16:46
2677
Бөлісу:
Министр Ұлттық қор табысынан балаларға ақша қалай аударылатынын түсіндірді
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Президенттің «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірігіп бағдарламаны іске қосу тетіктерін әзірлеп жатыр. 18 жасқа толмаған барлық балаға жеке жинақтаушы есепшот ашылатын болады. 2024 жылдан бастап жыл сайын балалардың есепшоттарына қаражат аударылады. Шотқа қаржы аудару жылына бір рет келесі жылдың 1 қаңтарына дейін 18 жасқа толмайтын балалардың санын есепке ала отырып, барлығына тең мөлшерде жүзеге асырылады, - деп түсіндірді ведомство басшысы. 

Айтуынша, қазіргі уақытта қосымша есептеулер жүргізілуде. 

Бүгінгі таңда қосымша есептеулер жасалып, пысықталып жатыр, - деді Әлібек Қуантыров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізде сән-салтанат салығының қандай мүліктерге салынатынына тоқталған болатын. Белгілі болғандай, Сән-салтанат нысандары – белгілі бір жоғары құнға, кейде тіпті, инвестициялық құнға ие нысандар. Олардың бағасына байланысты градация жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы