Министр Құрық пен Ақтау теңіз порттарын тексерді

2 Шілде 2023, 15:49
2671
Бөлісу:
Министр Құрық пен Ақтау теңіз порттарын тексерді
Фото: gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысына жасаған екікүндік жұмыс сапарында «Құрық – Жетібай» және «Доссор – Құлсары – Бейнеу» жол учаскелеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрық – Жетібай бағытындағы автожолдың 0-64 шақырым учаскесіндегі күрделі жөндеумен «Ақжол құрылыс» ЖШС айналысып жатыр. Жол құрылысына 11,7 млрд теңге бөлініп, қолға алынған жұмыстар 2024 жылы аяқталуға тиіс. Қазір барлық жол төсем материалын төсеу жұмыстары жалғасып келеді. 210-311 шақырым аралығындағы «Доссор – Құлсары – Бейнеу» жол учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстары да келер жылы аяқталады деп көзделген.

Бұл орайда ведомство басшысы биыл Маңғыстау өңірінің жолдарын жөндеп, қалыпқа келтіруге 17,7 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

Содан кейін Марат Қарабаев Каспийдегі ірі көлік инфрақұрылымының әлеуетін бағамдады. Атап айтқанда, министр Құрық портының алдындағы теміржол стансасының қызметімен, Александр Бекович-Черкасский шығанағындағы «Ертай Каспиан конструктор» ЖШС-не қарасты айлақтардың жұмысымен, сондай-ақ отандық көлік-транзит әлеуетін дамыту аясында «Сеймург Инвест»компаниясының жеке қаражатына салынып жатқан «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының мүмкіндіктерін байқап қайтты.

Бұған қоса министр Құрық пен Ақтау теңіз порттарында кездесулер өткізіп, Ақтаудағы солтүстік теңіз терминалының қызметін тексерді. Оның барысында Құрықта паромға дейінгі сұрыптаустансасы мен жылдық қуаты 1 млн тоннаға дейінгіастықты қабылдауға қауқарлы терминалдың құрылысы талқыланды. Бұл арқылы Иран – Кавказ бағытында жүк өткізу қабілетін ұлғайтуға жол ашылады.

Ақтаулық теңіз сауда портында ұйымдастырылғанкездесудің негізгі арқауы контейнерлік хабты құру және таяу маңдағы теңіздің түбін тереңдету, сондай-ақ №3 айлақты кеңейту, мұнай құюға арналған айлақтарды қалпына келтіру және қайта тиейтін техника паркін жаңарту мәселелеріне арналды.

Жұмыс сапарының соңында ИИДМ басшысы «Ақтау теңіз порты» АЭА-да болып, оның экономикалық тиімділігі, даму перспективалары мен өзекті мәселелеріне байланысты қызметкерлермен пікір алысты.

Өзгелердің жаңалығы