Министр: Қант нарығын реттеу үшін ірі зауыт салудың қажеті жоқ

16 Тамыз 2022, 13:17
1597
Бөлісу:
Министр: Қант нарығын реттеу үшін ірі зауыт салудың қажеті жоқ

Үкімет кулуарында Сауда және интеграция министрі болып тағайындалған Серік Жұманғариннен қант бағасы қашан тұрақтанатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылша неге өспейді? Қызылша өсіру деген оңай шаруа емес. Оған су, электр энергиясы керек. Біздегі  қант зауыттарының бәрі оңтүстік өңірде орналасқан. Неге? Өйткені онда электр энергиясы тапшы. Сондай-ақ судың өзі қымбат. Негізі қызылша  еліміздің  батысы мен солтүстігінде де өседі. Жақында сарапшылармен сөйлестім. Олар қант өндіру үшін үлкен зауыттар қажет емес шығар деді. Алда осы мәселені талқылаймыз. Менің білуімше, қант саласын реттеу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі кешенді жоспар дайындады. Олардың да ұсыныстарын қараймыз, -деді Үкімет кулуарында Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ Серік Жұмағарин жұмысы туралы айту үшін журналистерден бір апта уақыт сұрады.

Менің міндетім осындай жағдайды болдырмау. Қазір көтерме саудада қанттың бағасы 700-800 теңгеге жетті. Ал зауыттан шыққан баға - 450 теңге. Дәл қазір қант бағасы арзандайды деп айта алмаймын. Бүгін бірінші күн жұмысқа шығып тұрмын. Бір апта уақыт беріңіздер, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы