Министр: Пәтер құнының қымбаттауына жол бермейміз

1 Ақпан 2022, 09:43
1181
Бөлісу:
Министр: Пәтер құнының қымбаттауына жол бермейміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс саласында министрліктің атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Бүгінгі күні құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейді, жұмыспен қамтылғандар - 641 мың жұмыскер мен маман. Біз жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастырамыз. Бұдан басқа, біздің министрліктің негізгі мақсаттары - тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оның құнының қымбаттауына жол бермеу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру, - деді ол.

Оның сөзінше, тұрғын үй және құрылыс материалдары құнының қымбаттауына жол бермеу үшін министрлік үш бағытта жұмыс жүргізіп жатыр.

Біріншісі, құрылыс саласын цифрландыру.Екіншісі, баға белгілеу жүйесін жетілдіру және құрылыстағы бақылауды күшейту. Үшіншісі, құрылыс материалдары өндірісін дамыту. Құрылыс саласын цифрландыру бойынша жүйе-Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі енгізіліп жатыр, ол құрылыс объектілерін онлайн форматта, оның ішінде ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып модельдеуге мүмкіндік береді, - деп айтты Қайырбек Өскенбаев.

Айтуынша, «Е-Құрылыс» жүйесі онлайн-режимде қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдегі құрылыс процесін бақылауға мүмкіндік береді.

Үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін «Қазтізілім» енгізілді. Ол жосықсыз құрылыс салушылардан үлестік құрылыс бойынша тұрғын үй сатып алу қауіп-қатерін барынша азайтады. Маркетплейс онлайн-платформасында нарықта компаниялар құрылыс материалдарын өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып ала алады. «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің бірыңғай жүйесі болып табылады және тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына мониторинг пен талдауды қамтамасыз етеді, - дейді ИИДМ басшысы Үкіметте жасаған баяндамасында.

Сөзінше, саланы цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бюрократияны төмендетеді және құрылыстағы рәсімдерді жеңілдетеді.

Өзгелердің жаңалығы