Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова журналистерге Ербаянның жағдайына қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жағдайы тұрақты. Қосымша оңалту-медициналық қызметтерді алу қажет болғанына байланысты күні кеше Ербаянды Ұлттық медициналық орталығына жатқыздық. Қасында әкесі бар. Ауруына байланысты тиісті көмекті алып жатыр, – деді министр.
Журналист Қазақстан медицинасы жас жігітті толық аяққа тұрғыза ала ма деген сауал қойды.
Бүгінгі таңда оның диагнозы өте қиын. Жарақатпен бірге инфекция да болған. Сондықтан тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Түркияға барып келгенін де айтқым келеді. Қазір өзіміз қосымша қарап жатырмыз. Қажет болса, Түркияға немесе басқа мемлекетке барып емделуіне көмек көрсету мәселесін ата-анасымен бірге талқыладық. Олар Қазақстанда ем алуға келісімдерін берді. Алдын ала болжам жасаудан аулақпыз. Бірақ қажетті көмектің толық көлемде көрсетіліп жатқанын мәлімдеймін, – деді Ақмарал Әлназарова.