Министр еліміздегі пойыз билетінің орташа бағасын айтты

21 Қараша 2023, 10:42
966
Бөлісу:
Министр еліміздегі пойыз билетінің орташа бағасын айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы пойыз билетінің орташа бағасы 8 мың теңге екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта теміржолда жолаушыларды тасымалдайтын 66 облысаралық маршрут жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттарда 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді (ҚТЖ және 12 жеке). Облыстардың бөлінуіне байланысты, биыл қала маңындағы бағдардан 2 жаңа облысаралық бағыт құрылды: Алматы – Қонаев, Қарағанды – Жезқазған, - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Көлік министрінің айтуынша, жалпы жолаушыларды тасымалдау республикалық бюджеттен субсидияланады. Бүгінгі таңда елімізде 2 567 жолаушылар вагоны бар.

Бұл шаралар халықтың барлық тобы үшін жол жүру құжаттарының қолжетімді бағасын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда пойыз билеті бағасының орташа құны – 8 мың теңге, - деді Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы