Министр: Димаш – өз дәуірінің дауысы

27 Қыркүйек 2022, 11:01
1714
Бөлісу:
Министр: Димаш – өз дәуірінің дауысы

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дарын Димашымыздың Алматы төрінде өткен тамаша кеші туралы әсерімді әдейі сәл кейінірек жазғым келді. Ару қаламыздың аспанын әнге бөлеген Димаш дауысы тек бізді ғана емес, төрткіл әлемді шарлады. Димаш – ұлт мақтанышы. Ол сондай-ақ, қайраткер тұлға. Байқағанымыздай, Димаш осы концертінде, ғажайыпқа толы шоу кешінде түгел адамзатты ізгілікке шақырды, бар әлемді бейбітшілікке үндеді, – деді министр.

Сондай-ақ Димаштың өнері арқылы әлем қазақ ұлтын тереңірек тани түсуде және ана тілімізді үйренуге талап қылғандар көп екенін айтты.

Біз, қазаққа Димаштай ұлды сыйлаған оның ата-анасына, нағыз қазақы мінез бен тәрбиеге сусындатқан ата-әжесіне алғыс айтқымыз келеді.
Димаш – өз дәуірінің дауысы, – деп жазды Дәурен Абаев.

Р.S. Деректерге сүйенсек, 36 мың адам лық толған алаңға әлемнің 68 елінен арнайы қонақтар келіп, концерт тамашалаған. Демек, Димаш мәдениетімізден бөлек, отандық туризмнің дамуына да айрықша әсер етіп отыр. 
Бұл – тамаша үрдіс.

Өзгелердің жаңалығы