Министр банкроттыққа қатысты: «Жақсы емес»

17 Қаңтар 2023, 12:08
1088
Бөлісу:
Министр банкроттыққа қатысты: «Жақсы емес»

Үкімет кулуарында Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты пікір айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біз қазіргі таңда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Арнайы медиа-жоспарымыз да бар. Жалпы, бакнроттық деген жақсы нәрсе емес. Ол - кезінде қабылданған шешімнің салдары деп білемін. Біз төлем қабілетін арттыру дұрыс екенін, банкроттыққа дейін жетпеу қажет екенін түсіндіріп жатырмыз.

Қаржы министрінің сөзінше, банкроттықты рәсімдеуде түрлі жолдары қарастырылған.

Әрине, әркімнің басында түрлі жағдай болады. Сол себепті бүкіл жолдарды қарадық. Соттан тыс, сот арқылы банкроттық рәсімдеу, төлем қабілетін арттыру жолдары бар, - деді Жамаубаев. 

Бұған дейін банкрот деп танылған азаматтарға қандай шектеулер қойылатынын жазған едік.     

Азаматтар 5 жылға несиелер мен кредиттер алуы шектеледі. 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы беріледі. 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады. Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектерді есептен шығарылмайды, - деген еді Қаржы-вице министрі.

Өзгелердің жаңалығы