Министр балаларды құтқарып қаза тапқан Бірқұрманов Рауанның отбасын марапаттады

11 Тамыз 2023, 12:12
522
Бөлісу:
Министр балаларды құтқарып қаза тапқан Бірқұрманов Рауанның отбасын марапаттады
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі балаларды құтқару кезінде қаза тапқан Алматы облысының тұрғынының отбасын марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрі 2015 жылғы 7 шілдеде суға батқан балаларды құтқарған Алматы облысының тұрғыны Бірқұрманов Рауанның отбасын марапаттады. Бірқұрманов Рауан отбасымен Алматы облысы Қарасай ауданы Исаево ауылының жанындағы тоғанға барған. Осы уақытта 10-12 жастағы балалар ата-аналарының қарауынсыз суға шомылған және кенеттен ол балалардың суға бата бастағанын байқап қалады. Рауан киімімен көмекке асығып, ұл мен қызды шығарып алады. Әрі қарай ол тағы екі баланы құтқаруға тырысқан. Оларға қарай сүңгіп кетіп, қайтып оралмаған.

10 тамызда Төтенше жағдайлар министрі Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде Бірқұрманов Рауанның отбасымен кездесіп, қайтыс болғаннан кейін өз өмірін құрбан етіп, балалардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы