Министр: Әйел - сұлулық символы

6 Наурыз 2023, 12:52
2580
Бөлісу:
Министр: Әйел - сұлулық символы
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

8 Наурыз мереке қарсаңында «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» тақырыбында көрме өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  көрмеге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты.

Министр: Әйел - сұлулық символы

Әйел - сұлулықтың символы. Біздегі әдемі әшекейлер мен зергерлік бұйымдар қыздармен, аналарымызбен байланысты. Түркі халықтарының мұрасы бір-біріне ортақ болғандықтан зергерлік өнердің барлығы да біздің халықтарымызға ортақ мұра. Сол сияқты Үндістандағы Тәж Махалды да аналарымызға арнап салдырған. Алаша, текемет, түскиіз, кілемнің түр-түрін аналарымыз керемет ою-өрнектермен жасаған.  Әлемдегі алғашқы кілемнің біздің аналарымыздың қолынан шыққанын мақтаныш тұтамыз. Бүгінгі көрмеден соны байқауға болады,-деді министр.

Көрменің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезінің бастамаларын ілгерілету, Орталық Азияның бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру.

Министр: Әйел - сұлулық символы

Мұндай мәдени іс-шаралар қазіргі дипломатияның жұмсақ күші деп айтуға болады. Біз қазір жалаң ұранмен ұлттар мен ұлттарды жақындастыра алмаймыз. Бізді жақындататын дүние терең тарихымыз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз. Дәл осы көрме арқылы Қырғызстан,Қазақстан,Түркменстан, Қарақалпақстанның әшекейлерінің ұқсастығын байқауға болады. Барлығы бір қолдан шыққандай. Бұның өзі тарихымыздың бір екендігін, түркі тілдес халықтарын біріктіретін дүниенің көп екендігін көрсетеді, - дейді сенатор Бибігүл Жексенбай. 

Көрмеде күмістен жасалған XIX ғасырдағы көне зергерлік бұйымдардың жетпістен астам түрі ұсынылды. Олар «өңіржиек», «бозбанд», «хайкель» төсбелгілері, білезіктер, сақиналар, бейбітшілік және келісім мұражайының музей қорынан алынған басқа да әшекейлер бар.

Министр: Әйел - сұлулық символы

Сондай-ақ көрмеге еліміздегі белгілі суретшілердің суреттері қойылды.

Министр: Әйел - сұлулық символы

Көрме 27 наурызыға дейін Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы