Министр әскерден қашқан депутаттың ұлы туралы: Тәрбиеден кеткен олқылық

4 Шілде 2023, 12:08
2341
Бөлісу:
Министр әскерден қашқан депутаттың ұлы туралы: Тәрбиеден кеткен олқылық
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл тәртіптік әрекет, ол тәртіптік жарғыға сәйкес жазаға тартылады. Қалғанының барлығын қылмыстық тергеу органы қабылдайды. Әскери тергеу органының шешіміне сәйкес ол қолбасшылықтың бақылауында болған және өз еркімен әскери бөлімнен кетіп қалған. Әскер – жас қылмыскерлерді ұстайтын колония емес. Біздің қызметіміз мүлдем басқа. Бұл тәрбиеден кеткен олқылық, түсінесіз бе?! Бұған дейін де бірнеше рет айтып жүрмін. Ең бірінші кезекте тәрбие болуы керек. Біз тәрбиедегі олқылықтарды түзететін жер емеспіз, олай істей алмаймыз, өйткені біздің жұмысымыз басқа, - деді министр Үкіметтің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ведомство басшысы сарбаздың әскерден қашуына жол берген әскерилерге қандай жаза қолданылуы мүмкін екендігіне тоқталды.

Оның қашуына жол берген офицерлерге тәртіптік жаза қолданылады. Қандай жаза екендігін сот анықтайды, - деді Руслан Жақсылықов.

Еске сала кетейк, қоғам қайраткері, танымал спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы борышын өтеу орнынан қашып кеткенінін жазған болатынбыз. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлының әскерден қашуына қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы