Тұрлыхановтың әскердегі ұлы борышын өтеу орнынан қашып кеткен

3 Шілде 2023, 15:38
635
Бөлісу:
Тұрлыхановтың әскердегі ұлы борышын өтеу орнынан қашып кеткен
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қоғам қайраткері, танымал спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы борышын өтеу орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынегр Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен, - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды

Өзгелердің жаңалығы