Министр Алматы ауруханасындағы сұмдық жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

15 Маусым 2023, 10:40
3161
Бөлісу:
Министр Алматы ауруханасындағы сұмдық жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Арман Мухатов - архив

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кеше Алматы ауруханаларының бірінде орын алған сұмдық жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр 4 мың адам АИТВ (ВИЧ) инфекциясымен ауырды. 2021 жылы 3,5 мың жаңа жағдай тіркелді. Алматыдағы жағдайға қатысты ақпараттар келіп түсті. Комиссия жіберілді. Біз ауруханаішілік жұқтыруды болдырмас үшін әрекет етудеміз. Тексеріс аяқталған соң толықтай ақпаратты береміз, - деді Денсаулық сақтау ведомствосының басшысы Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар министр қандай тексеріс жүргізілетініне тоқталды.

Қазір толықтай эпидемиологиялық тексеру жүргіземіз. Инфекцияның қайдан шыққаны, қалай жұққаны анықталады. Аурухана ішінде жұқтырудың орын алмауына жол бермеуімізщ керек. Министрліктің, комитеттің ең үздік мамандары Алматыға жіберілді, - деді Ажар Ғиният.

Еске сала кетейік, кеше Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтырған үш адам анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы