Министр 2 облыстағы гидротехникалық құрылыстың жай-күйімен танысты

28 Қараша 2023, 19:49
788
Бөлісу:
Министр 2 облыстағы гидротехникалық құрылыстың жай-күйімен танысты
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысына жұмыс сапарымен барып, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, жұмыс сапарының бірінші күні министр «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының басшылығымен кездесу өткізді, оған жергілікті облыс әкімдігінің өкілдері де қатысты. 

Баяндамаларды тыңдаған соң Нұржан Нұржігітов министрліктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. Мысалы, жергілікті бассейндік инспекция штабы 20 адамға артты. Бұл өңірдегі су объектілерін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. 

Министр 2 облыстағы гидротехникалық құрылыстың жай-күйімен танысты

Сонымен қатар министр Тарбағатай ауданындағы «Қандысу» су қоймасы мен Зайсан ауданындағы «Үйдене» су қоймасын жөндеуді бастау бойынша жұмысты жеделдетуді, сондай-ақ екі аудандағы ирригациялық жүйелерді жаңғыртуды тапсырды. Өткен жылы «Қандысу» су қоймасында объектінің техникалық жай-күйіне көп факторлы тексеру жүргізілді. Ал өткен аптада «Үйдене» су қоймасында осындай көп факторлы тексеру жүргізуге шарт жасалды. Одан кейін жобалау-сметалық құжаттама жасалады. Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов көлік, экология және ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп су қоймаларынан Ертіс өзеніне кеме қатынасы үшін су жіберуді реттеу және ретке келтіру қажеттігін атап өтті. 

Министр 2 облыстағы гидротехникалық құрылыстың жай-күйімен танысты

Сонымен қатар министр әріптестерімен «Қазсушар» РМК-ның Абай облысындағы филиалын ашу мүмкіндігін талқылады. Келесі күні министр ШҚО Самар ауданындағы Лайлы су қоймасының бөгетіне барды. Нысан күрделі жөндеуді қажет етеді. Нұржан Нұржігітов жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нысанды реконструкциялап қана қоймай, оны жақын маңдағы елді мекендерді ықтимал су тасқыны туралы ескертетін дабыл жүйесімен жабдықтау қажеттігін атап өтті. 

Әрі қарай министр нысанның жай-күйін жеке бағалау үшін «Қандысу» су қоймасына барып, оны жөндеуді бастау бойынша жұмысты жеделдету қажеттігін тағы да еске салды. Осыдан кейін Нұржан Нұржігітов 2016 жылы су деңгейін көтеру мақсатында құрылысы басталған, бірақ жобалаудағы қателіктерге байланысты аяқталмаған Қарғыба өзеніндегі тірек-реттеу құрылыстарын қарап шықты. 

Қазір жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізіліп жатыр. Министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды. 

Сондай-ақ Қарғыба өзенінің бойында 11 иесіз канал анықталды, оның 5-і коммуналдық меншікке берілді, ал оларды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Министр барлық қажетті құжаттар дайын болғаннан кейін арналарды қайта құруға көмектесуге дайын екенін білдірді. 

Министр 2 облыстағы гидротехникалық құрылыстың жай-күйімен танысты

Жұмыс сапарының соңғы күні Нұржан Нұржігітов Абай облысының Үржар ауданындағы құрылысы аяқталмаған «Қарақол» су қоймасына барды. 

Су қоймасы 63 шаруа қожалығын сумен қамтамасыз етуге және 6,5 мың гектардан астам ауылшаруашылық жерлерін суармалы сумен қамтамасыз етуге қауқарлы, сондықтан жобаны іске асыру өңір халқы үшін өте маңызды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шетелдік инвесторлар су қоймасында гидроэлектростанция салуға дайын, алайда бұл үшін негізгі міндет — «Қарақол» су қоймасының құрылысын толық аяқтауға көңіл бөлу қажет, — деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі. 

Министрдің жұмыс сапарының соңғы нүктесі Чар су қоймасы болды. Нұржан Нұржігітов онда жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы