«Міндетті түрде Президент ескерту жасауы керек пе?». Көлгінов журналистің сынына жауап берді

25 Сәуір 2023, 15:58
815
Бөлісу:
«Міндетті түрде Президент ескерту жасауы керек пе?».  Көлгінов журналистің сынына жауап берді
Фото: автордан

Міндетті түрде Президент айтуы керек пе? Бұл сұрақты БАҚ өкілі Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлігновке қойды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

МӘМС жүйесінде ашықтық жоқ. Бюджеттің қайта кеткені туралы ақпарат жоқ, тіпті статистика да нақты емес. Әрине, бәріне топырақ шашуға болмайды, бірақ кейбір медициналық ұйымдар 52 мыңдай адамға жалған көмек көрсеткен. Бұл мәселені цифрландыру жолымен шешуді бастадық, - деді Премьер-министрдің орынбасары.

МӘМС-тің кемшілігі бұған дейін де айтылып келген. Мәселе Президент айтқаннан кейін барып іске асырылып отыр. Неге сол кезеңде дер кезінде қимылдамады? Міндетті түрде Президент айтуы керек пе,? - деп сұрақ қойды журналист.

Президент тапсырма берді, себебі кемшіліктер туралы Президентке баяндама жасалды. Қазіргі таңда ол жұмыс жүріп жатыр, - деп жауап берді Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы